Біз туралы



"Қазақстан халқына" Қоғамдық қоры мемлекеттік қолдау шараларынан тыс өмірдің негізгі салаларындағы қазақстандықтардың нақты мәселелерін шешуге бағытталған. Қордың мақсаттары:

- Қор қызметінің негізгі мақсаттары болып табылады: денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында қайырымдылық көмек көрсету;

- азаматтардың рухани, танымдық және өзге де гуманистік қажеттіліктерін қалыптастыру және қанағаттандыру үшін қоғамдық денсаулық, білім, ғылым, мәдениет, өнер, ағарту салаларындағы қайырымдылық жобаларын іске асыру;

- республикада қайырымдылық мәдениетін дамыту, қоғамның, бизнестің және мемлекеттің қайырымдылыққа сенімін нығайту, қайырымдылықтың барлық субъектілерінің ымырасы;

- төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимін енгізу кезінде Қазақстан Республикасының зардап шеккен халқына көмек көрсету;

- Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде құқық қорғау органдары, арнаулы органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің, ауыр жараланғандардың және қаза тапқан деп танылғандардың отбасыларын қолдау; 

Қордың басқару органдарының шешімдеріне сәйкес өзге де қайырымдылық көмек.